Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
1 сынып оқушысы
Дүйсембек Үкілім Бахытжанқызы 1997 жылдың 10 қарашасында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Отбасында 3 баланың үлкені. Әкесі Шубаев Бақытжан Дуйсембекұлы-Жамбыл облысының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде өрт сөндіруші қызметін атқарады. Анасы Бекмырзаева Клара Жұлдызбекқызы-жеке кәсіпкер. 2004-2015 жылдары Байқадам орта мектебінде ("Байқадам Қашқынбаев" атындағы орта мектеп) білім алған. Мектепті тәмамдап, 2015 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне физика пәні мұғалімі мамандығына грантқа түсіп, 2019 жылы университетті үздік аяқтайды. Студенттік жылдарда білім мен ғылымды ұштастырып, Республикалық деңгейде 1, Халықаралық деңгейде 4 ғылыми мақаласын жариялаған. Сонымен қатар, 2 оқу-әдістемелік кітап жазған. Елбасының 3 тілді білім алу қағидасын басшылыққа ала отырып, сабақтан бос уақытында ағылшын тілі курстарына қатысып, "Intermediate" деңгейін сәтті оқып шыққан. 4-курс оқып жүргенде, карьерасының алғашқы баспалдағы болған өзі оқыған университетте физика кафедрасында зертханашы қызметін атқарды. Бакалавриатты үздік аяқтап, 2019 жылы магистратураға кешенді тест тапсырып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне физика педагогтерін даярлау мамандығы бойынша магистратураға грантқа түскен. Қазіргі таңда магистратураның 2-курсында оқып жатыр. 2019-2020 оқу жылында Халықаралық, Республикалық деңгейде 2 ғылыми мақаласы жарық көрді. Оқу мен жұмысты қатар алып жүр. Сабақтан тыс уақытында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Aiplus " Республикалық оқу орталығында математика пәнінен тренер қызметін атқаруда. Бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, магистратура бітіріп, докторантураға түсуге ниеттеніп отыр. Жеткен жетістіктеріне себепкер болған ата-анасы, мектептегі ұстаздары мен университеттегі оқытушыларына алғысын білдіреді.
Мектеп: №16 орта мектеп
11 сынып оқушысы
Тараз қаласындағы ТарМУ оқуға түсіп, журналист болғысы келеді, ақындық қабілеті бар
Тілекті орындауМектеп: №46 орта мектеп
6 сынып оқушысы
Мен № 46 орта мектеп ұжымының ұстаздарына мың алғыс білдіремін. Олардың ілімділіктерінде біліктіліктерінің арқасында НЗМ тапсырғалы отырмын. Мен сол мектепке өз білімімді дәлелдеу үшін тапсырып отырмын
Тілекті орындауМектеп: Бурыл орта мектебі
9 сынып оқушысы
Мамандық таңдау -өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау. Бұл жауапкершілікті талап ететін маңызды іс. Мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қандай да бір мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін, бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне "Мен кіммін?" , "Осы өмірдегі менің орным қандай?", "Менің қалай өмір сүргім келеді?" деген сұрақтарды қоюы керек деп ойлаймын.ЕҢ алдымен осы сұрақтарды өз-өзіме қойғанда, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Қыз баласы болғандықтан ба, сәнге жақынмын. Сол себепті мен болашағымды дизайнер мамандығымен байланыстырғым келеді. Дизайн қызметінің ерекшеліктерінің бірі-әсемәрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімінжүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Адам қиялында шек жоқ. Мен де келешекте сәнді әрі ыңғайлы дүниелерді жарыққа шығарамын.Өз ісімнің хас шебері болатыныма сеніммен қараймын
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
9 сынып оқушысы
Болашақта мұғалім болғым келеді. Адамның тұлға болып калыптасуына себепкер болатын бірден бір жан жақсы ұстаз деп ойлаймын!
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
9 сынып оқушысы
Мен болашақта мемлекеттік қызметкер болғым келеді. Халыққа аянбай еңбек еткім келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
8 сынып оқушысы
Мен атақты блогер болғым келеді,Себебі блогерлік өмір ұнайды,
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
9 сынып оқушысы
Мен сәулетші болғым келеді. Қазақстанда бүкіл мемлекетте кездеспеген ғимараттар тұрғызғым келеді. Әдемі қалалар бой көтергенін қалаймын.
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
9 сынып оқушысы
Мен болашақта аудармашы болғым келеді. Шет елдерге шығып қыдырғым келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мектеп- Лицей
8 сынып оқушысы
Мен дәрігер болғым келеді,Себебі адамдарды емдегім келеді,
Тілекті орындау