Басты бет » Жомарт түлек

Жомарт түлек


Қазіргі таңда «Жомарт түлек» жобасы аясында аудандар бойынша жалпы 115 ауылдық округте 282 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының 121 мектебіне және Жамбыл, Жуалы және Қордай аудандарының 7 ауылдық округіне жабдықтау, абаттандыру, қайырымдылық көмектер көрсету, алаң салу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 3 ай ішінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов Шу аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері танымал түлектермен 10551 оқушының қатысуымен 169 кездесу ұйымдастырды.

Атап айтқанда, ҚР ата-аналар одағының құрылтайшысы Б.Көпбосынова, экономика ғылымдарының докторы, профессор И.Тлегенов ҚР танымал мүсіншісі Т.Көлжігіт, жазушы С.Дүйсебаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері М.Құлибай, Ғ.Әлібекқызы, халықаралық спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 4 дүркін Азия чемпионы Е.Әлішер, облыстық дарынды балалар спорт мектеп-интернатының жаттықтырушысы, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының жеңімпазы А.Мұсабеков, кикбоксингтан Азия чемпионы Сағындықов каратэдан әлем чеммпионы Н.Нұрболдыұлы, таэквандодан әлем чемпионы Б.Бекетов, жүзуден пара олимпиаданың әлем чемпионы З.Габидуллина, қазақ күресінен екі дүркін чемпионы М.Ниғматуллаевпен кездесу ұйымдастырылды.


ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ

2021 жылдың 25 ақпан күні Жамбыл облысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен “Жомарт түлек-2021” жамбылдық танымал түлектер кездесуі өтті.

Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

Жиынға облыстан шыққан елге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер,Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуде қатысушыларға «Тәуелсіздік жылнамасы» бейнефильмі (летопись) көрсетілді. Фильм Жамбыл облысында 1991 жылдан бері әр 5 жылдықта атқарылған негізгі жұмыстарына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналды.

Басқосу барысында облыс әкімі жиынның маңыздылығын баяндап, ағымдағы жылы аталып өтетін даталарға тоқталды. Бұдан бөлек, өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай іске асатын 30 игі іске бастау берді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, өңір түлегі Махмұд Қасымбеков онлайн байланысқа шығып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді.

Жиында Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді және өзге де танымал түлектер туған жерге қолдау көрсету перзенттік парыз екендігін атап өтіп, өңір тумаларын облыстың өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Бұдан бөлек, жиында Сингапур елінен кәсіпкер Талғат Тұрымовтың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, бейнеконференц байланысы арқылы Москва қаласынан қосылған Тараз қаласындағы № 1 гимназияның түлегі, М.Ломоносов атындағы МГУ магистранты Загрибельный Богдан және Америка Құрама Штатынан бейнебайланысқа шыққан дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі, бүгінде Америка Құрама Штаттарында ІТ саласында жұмыс істейтін Қайрат Әшім туған жеріне ізгі лебіздерін жеткізді.

Кездесу соңында облыстың дамуына қосқан сүбелі үлесі және «Жомарт түлек» акциясына белсене қатысқаны үшін түлектерге облыс әкімінің алғыс хаты және «Жомарт түлек» сыйлығы табыс етілді.