Көмектің түрі: Ақшалай
Көмектің көрсетілген күні: 13 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 20,000 теңге
Шу қаласы, №40 мектеп -лицейінде Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде география пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбекқызының шәкірті мектебіміздің түлегі, жеке кәсіпкер Мұқан Арман Аманжолұлы өзін - өзі басқару парламенті мен жасұландықтар ұйымдастырған "Қарттарын қадірлеген ел ардақты " акциясы аясында Тауырбекова Тұрсынкүл әженің үйіне азық - түлік апарып, қаржылай көмек көрсетті. "Қырықтың бірі қыдыр" демекші осындай қасиетті айда,әрі айт мерекесі қарсаңынба жасаған көмегіне әжелеріміз шын ықыласпен қуанып, ақ баталарын берді. Мұқан Арман Аманжолұлына акцияға қатысып, қолдау көрсеткені үшін мектебіміздің өзін - өзі басқару парламенті мен жасұланжықтар шексіз алғысын білдіреді.
Көмектің түрі: Құрлыс
Көмектің көрсетілген күні: 15 наурыз 2021 ж
Көмектің сомасы: 115,000 теңге
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Жомарт түлек" акциясы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның дәлелі ретінде Шу қаласы, №40 мектеп - лицейінің 2000 жылғы түлегі Ыбраев Қазбек өздері білім алған мектебінің химия кабинетіне безендіру жұмыстарын жүргізді. Туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосары сөзсіз. Демеушілік көрсеткен жомарт түлектерге мектеп әкімшілігі зор алғысын білдіреді.
Көмектің түрі: Заттай
Көмектің көрсетілген күні: 20 сәуір 2021 ж
Көмектің сомасы: 180,000 теңге
№40 мектеп - лицейінің денешынықтыру пәні мұғалімі, еркін күрестен ҚР спорт шебері, "Еркін күрес" үйірмесінің жетекшісі Нургиса Хасанби шәкірттерін күрестің қыр-сырына баулып, биік белестерге жетелеп жүрген спортшы. Осы уақытқа дейін мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан тек жеңіспен оралуда. Жақында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркін күрестен облыстық, республикалық ашық турнирлерден І, ІІ, ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар, Нұрғиса Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Жомарт түлек" акциясы аясында аталған мектептің түлегі және ұстазы ретінде "Еркін күрес" үйірмесі үшін көлемі 8*8 метр болатын спорттық кілем сыйлады. Осы бозкілемнің үстінде жаттыққан балалар тек жеңіс тұғырынан көріне берсін деп, мектеп әкімшілігі Сізге көрсеткен демеушілігіңіз үшін зор алғысын білдіреді.
Көмектің түрі: Ақшалай
Көмектің көрсетілген күні: 01 маусым 2021 ж
Көмектің сомасы: 100,000 теңге
Оразбекова Сандуғаш Жаңатас қаласында әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік маман Қолдасова Лаура Сібірбекқызы Тараз политехникалық колледжінде мұғалім Несіпбаев Дәулет Қадырұлы «Ақтоғай» ауылында жеке кәсіпкер 1 маусым Халықаралық балалар қорғау күніне орай, мектеп ішін безендіру жұмыстарына қаржылай 100 000 тенге демеушілік жасады.
Көмектің түрі: Заттай
Көмектің көрсетілген күні: 11 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 10,000 теңге
10 000 теңге көлемінде 25 түп жеміс ағашының көшеті
Көмектің түрі: Заттай
Көмектің көрсетілген күні: 25 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 15,000 теңге
15 000 көлемінде гүл қоятын подставка
Көмектің түрі: Заттай
Көмектің көрсетілген күні: 12 сәуір 2021 ж
Көмектің сомасы: 15,000 теңге
Ауыл ақсақалы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбаев Айтқұл атамыз - "Атадан тал қалғанша, мал қалсын" деген мақсатпен немерелеріне және мектеп оқушыларына естелікке әртүрлі тал көшеттерін отырғызды.
Көмектің түрі: Әлуметтік
Көмектің көрсетілген күні: 11 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 210,000 теңге
2001 жылғы түлектер мектептегі аз қамтылған, көпбалалы 7 отбасына көмек көрсетті.
Көмектің түрі: Заттай
Көмектің көрсетілген күні: 24 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 100,000 теңге
1996 жылғы түлектер мектептің ауласына 19 түп павлония ағашын отырғызып берді.
Көмектің түрі: Әлуметтік
Көмектің көрсетілген күні: 11 мамыр 2021 ж
Көмектің сомасы: 210 теңге
2001 жылғы түлектер мектептегі аз қамтылған, көпбалалы 7 отбасына көмек көрсетті.