Базарбек Бауыржан Қонысбекұлы

Аудан: Сарысу
Мектеп: Үшарал негізгі мектебі

Көмектің түрі: Ақшалай

Көмектің көрсетілген күні: 26 тамыз 2019 ж

Көмектің сомасы: 40,000 теңге

Ақшалай көмек берді. Мектепке керекті заттарды алынды.

Жайшыбеков Жанабек Ілесұлы

Аудан: Талас
Мектеп: Ш. Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі

Көмектің түрі: Материалдық техникалық

Көмектің көрсетілген күні: 01 қыркүйек 2018 ж

Көмектің сомасы: 150,000 теңге

Мектебіміздің түлегі Жайшыбеков Жанабек- мектебіміздің алдына-Пандус (мүгедектерге арналған) орнатып берді.

1960 жылғы түлектер

Аудан: Талас
Мектеп: Ш. Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі

Көмектің түрі: Материалдық техникалық

Көмектің көрсетілген күні: 15 наурыз 2017 ж

Көмектің сомасы: 300,000 теңге

Халқымызда «Бұлақ көрсең –көзін аш» деген қанатты сөз бар. Осыған орай мектебімізді 1977 жылғы бітірген түлектердің бастамасымен мектеп ауласына 50 метрлік ұнғыма құдық орнатып берді. Осындай өнегелі іске ауыл қариялары ризашылықпен қарауда. Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу әрбір азаматтың азаматтық борышы. Оны аялап, сүйе білу қажет. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі болуда.

Диқан тірек мектебі 2019-2020 оқу жылы

Аудан: Байзақ
Мектеп: Диқан орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 08 маусым 2020 ж

Көмектің сомасы: 980,000 теңге

Диқан тірек мектебіне Асқар Абдуалы мектепке 100 кітап аясында электрондық оқулық берді. 20 жылдық түлектер мектепке аппаратура, мектеп ауласындағы демалатын орындық, жиһаз берді.

2019-2020 жылғы түлектер

Аудан: Байзақ
Мектеп: Ыбрай Алтынсарин атындағы орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 04 маусым 2020 ж

Көмектің сомасы: 150,000 теңге

2019-2020 жылғы түлектер мектепке аула орындықтарын 04.06.2020 жылы әкеліп, ұстаздарға алғыстарын айтып, табыс етті.

20 жылдық түлектер

Аудан: Байзақ
Мектеп: Берікқара орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 25 мамыр 2019 ж

Көмектің сомасы: 100,000 теңге

Ауылымыздың азаматтары мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, 1974 жылы туған азаматтар мектепке теледидар мен дауыс ұлғайтқыш сыйға тартса, 1976 жылы туылған азаматтар мектептің басты дарбазасын орнатып берді, 1978 жылғы туылған азаматтар плазмалық теледидар мен отау ТВ, 1979 жылы туылған азаматтар кілем, 1980 жылы туылған азаматтар аквариум мен мектепке құдық орнатып берді. Ал 1982 жылы туған азаматтар спорт алаңына турниктер орнатты.

2000 жылғы түлектер

Аудан: Байзақ
Мектеп: № 3 орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 25 мамыр 2020 ж

Көмектің сомасы: 100,000 теңге

Кеңес орта мектебінің 2000 жылғы 11 сынып түлектері демеушілікпен мектептің Рәміздер бұрышын жасады. Демеушілік қаржысы 100 000 теңге.

2019-2020 оқу жылындағы түлектер

Аудан: Байзақ
Мектеп: Бурыл орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 04 маусым 2020 ж

Көмектің сомасы: 60,000 теңге

2019-2020 оқу жылындағы түлектер, атап айтсақ Сайдыхан Санжар, Балтабаев Ернияз, Елемесова Жансая, Жанысбаева Жанел, Қанатқызы Малика, Марат Бибигүл, Токонов Дамир, Шаушева Севда, Бешлиев Омар, Джорданидзе Расул ата-аналарының демеушілігімен мектептің мәжіліс залына 2х3 көлемді 2 кілем, 2 гүл сыйлады. Мектеп бітірушілер мен ата-аналары ұстаздарға, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

2015-2016оқу жылы мектеп бітіруші түлектер

Аудан: Байзақ
Мектеп: Бурыл орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 25 мамыр 2019 ж

Көмектің сомасы: 100,000 теңге

2015-2016оқу жылы мектеп бітіруші түлектердің көмегімен мектептің мәжіліс залына жалюзилер орнатылды.

Канкиев Мейрхан Алмаханович

Аудан: Байзақ
Мектеп: Бурыл орта мектебі

Көмектің түрі: Заттай

Көмектің көрсетілген күні: 18 қараша 2019 ж

Көмектің сомасы: 100,000 теңге

Канкиев Мейрхан дыбыс күшейткіш тарту етті. Осы уақыттан бері Бурыл орта мектебінде қоңырау үні ұлттық әуенде берілуде.