Басты бет »Түлектер

Атишева Куралай Сембековна

Атишева Куралай Сембековна

Аудан: Жамбыл
Мектеп: Ысмайылұлы атындағы орта мектебі

Мектепті бітірген жылы: 1998

27.02.1982 жылы Бесжылдық ауылында өмірге келді. 1998ж. " Ә. Ысмайылұлы" атындағы ОМ аяқтап, Абай атындағы педагогикалық колледжін 2001 ж. " Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" мамандығы бойынша аяқтады. ТарГПИдің филология факультетін 2011ж бітірді. 2005 ж. "Ә. Ысмайылұлы" атындағы ОМ тәлімгер ретінде еңбек жолын бастады. Осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директорлың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Мұғалімдік жұмыспен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. Бесжылдық ауылының әйелдер қоғамының төрайымы болды. 2015 жылдан Ақмола облысы, Астрахан ауданында мұғалімді жұмысын жалғастырды. Жалтыр 4 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және әлеуметтік педагогы болды. 2019 жылы Астрахан ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарып жатыр.