Басты бет » Жаңалықтар

"Мамандығым-мақтанышым!" түлектермен кездесу кеші

Аудан: Қордай
Мектеп: №2 М. Ломоносов атындағы мектеп

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің «Жомарт түлек» жобасы бойынша #2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі "Мамандығым-мақтанышым!" тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесуге мектебіміздің 10 жылдық, 20 жылдық және 30 жылдық түлектері шақырылды. Локтева Л.Ю. Юдина Г.В. Нефтулаева Т.О. өздернің мектеп кезіндегі қызықтарымен бөлісіп, мамандық таңдай білудің қандай үлкен мақтаныш екендігін айта кетті. Оқушылар қонақтарға дайындаған әндері, билері мен өлең шұмақтарын тарту етті. Қызықтырған мамандықтары туралы айтып, келген қатысушы қонақтарға сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды. Кездесу кешін 11 "Б" және 9 "Б" сынып жетекшілері Сатыбалдиева М.Ж. Нефтулаева Т.О. ұйымдастырды.