Басты бет »Түлектер

Аруанов Жалғас Әлмаханұлы

Аруанов Жалғас Әлмаханұлы

Аудан: Байзақ
Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Мектепті бітірген жылы: 2010

КАруанов Жалғас Әлмаханұлының өмірбаяны Аруанов Жалғас Әлмаханұлы 1995 жылы 1-наурызда Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, Сарыкемер ауылындағы К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінде домбыра аспабы бойынша білім алған. 2010 -2014 жылдары Алматы қаласында П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде «домбыра класы» бойынша білім алған. Біліктілік комиссиясының шешімімен 2014 жылы 24 маусымда БММ оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі және жетекшісі біліктілігі берілді. 2015 жылдан бастап К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында жұмыс істейді және Байзақ ауданында Шолпан ән-би халық ансамбльінде жұмыс жасайды. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша білім алып шықты. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері: 2009ж- «Атадан қалған мұрамыз» атты ІІІ облыстық жыр-терме және күй орындаушылар байқауында –ІІ орын, және ІІ байқауында І орын. 2009 ж- VІІІ облыстық М.И.Глинка атындағы фестиваль-конкурсынан –І дәрежелі диплом. 2010ж-VІ облыстық жастар Дельфийлік ойындарында «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша –І дәрежелі диплом. 2010ж- «Достық шеңбері» атты балалар шығармашылығының облыстық фестиваль байқауының – І орын иегері. 2009-2010 оқу жылында өткен республикалық байқауларға қатысып өнері мен шығармашылығы мен шеберлігін көрсете білгені үшін Алғыс хат. 2013 ж- Республикалық кіші олимпиада- ІІ дәрежелі диплом. Алматы қаласы. 2014 ж-ХХХV республикалық орындаушылар курсының «Қазақ халық аспаптары» номинациясы бойынша –ІІІ дәрежелі диплом. Министр А.Сәрінжіпов. 2017ж –«Домбыраның қос ішегі» облыстық дәстүрлі өнер байқауында көрсеткен үздік өнері үшін – Алғыс хат. 2019 ж-Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы –Алғыс хат. 2019ж- «Көне Тараз күмбірі» -І облыстық фольклорлық ансамбльдер конкурсында – ІІ орын. 2019 ж- І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсында «Садыхан Әубәкіров» атындағы жүлде. 2019 ж- Ақтөбе қаласында өткен «Жұбановтар әуені» атты конкурс – ІІ дәрежелі диплом. 2020ж-«Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символизмі» фестивалінде- І орын Қорғалжын қаласы. 2020ж-жеке онлайн концерт берді Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 2021 жылдың 7-8 қараша күндері – Алматы облысындағы Жамбыл облысының мәдени күндері аясындағы «Жаңарған Жамбылдан – жерұйығы Жетісуға!» атты мерекелік концертте өнер көрсетті. 2021ж-Түркістан облысындағы Жамбыл облысының мәдени күндері аясындағы «Тараздан Түркістанға шашу» атты мерекелік концертте өнер көрсетті. 2021ж- «Көне Тараз күмбірі » атындағы республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсынан алғыс хат. 2021 жылдың үздік жас мәдениет кызметкері .