Басты бет »Түлектер

Абеков Жасұлан Садуұлы

Абеков Жасұлан Садуұлы

Аудан: Талас
Мектеп: Қойгелді атындағы орта мектебі

Мектепті бітірген жылы: 1998

Абеков Жасұлан Садуұлы 1981 жылы 10 қаңтарда Талас ауданы, Тамды ауылында дүниеге келді. Қойгелді атындағы орта мектебін 1992-1998 жылдар аралығы тәмәмдады. 1999-2001 жылдары Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарындағы Мемлекеттік Ұлттық Ұлан гвардиясының құрмет-күзет ротасында Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеді. 2002-2006 жылдары Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтын біріп, офицер шеніне ие болды. Еңбек өтілі: -2001 жылы 85395 әскери бөлімінің реактивтік батереясының старшинасы (Тараз қаласы); -2002-2006 жылдары Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты, -2006-2007 жылдары 85385 әскери бөлімінң взвод командирі; -2007-2008 жылдары 43053 әскери бөлімінің миномет батереясының командирі (Меркі ауданы); -2008-2009 жылдары 91678 әскери бөлімінің миномет батереясының командирі (Жуалы ауданы); -2009-2011 жылдары 85395 әскери бөлімінің артиллерия дивизионының штаб бастығы: -2011-2013 жылдары 85395 әскери бөлімінң артиллерия дивизионының штаб бастығы; -2013-2015 жылдары 85395 әскери бөлімінң артиллерия девизион командирі; -2015-2018 жылдары 16765 әскери бөлімі командирі (Арыс қаласы) -2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс Университетінің магистрі (Нұр-Сұлтан қаласы) -2020 жылдан бастап, 82796 әскери бөлім командирінің жауынгерлік-даярлық жөніндегі орынбасары-бөлім бастығы (Қордай ауданы, Гвардейск қалашағы) Әскери шендері: - Лейтенант 2006 жыл; - Аға лейтенант 2008 жыл; - Капитан (кезектен тыс) 2010 жыл; - Майор 2014 жыл; - Подполковник 2019 жыл. Төсбелгілері: - «Мінсіз қызметі үшін» 1 дәрежелі; - «Мінсіз қызметі үшін» 2 дәрежелі; - «Мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі.