Басты бет »Түлектер
Айтенов Нариман Абірбекұлы
Аудан: Талас
Мектеп: Қойгелді атындағы орта мектебі
Мектепті бітірген жылы: 2002
Айтенов Нариман Абірбекұлы 1985 жылы 11 наурыз айында Тамды ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы «Қол Басшы Қойгелді» орта мектебіне табалдырғын аттадым. 2002 жылы М.Х.Дулатти атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Дене-шынықтыру және спорт» бөліміне түстім. 2006 жылы Тараз мемлекеттік Педагогикалық институттің тәмәндадым. 2006 жылы қыркүйек айында Қаратау қаласындағы мектеп Лицейіне Дене- шынықтыру пән мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 2006-2008 жылдар аралығында әскер қатарына шақырылып Алматы қаласындағы «Аэро Ұтқыр әскерінде» Отандық борышымды өтеді. Еңбек жолын 2008 жылы «Талас ауданындағы балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде» қазақ күресі спортынан жаттықтырушы болып бастап, кәзіргі уқытқа дейін жоғарыда аталған мекемеде қызмет етіп келеді. 2010 жылы отбасылы болып, қазіргі таңда 2 қыз,1 ұл тәрбиелеп отырмын. Жетістіктерім: - 2005жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында қазақ күресінен Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы халықаралық жарыста ІІІ-орын - 2006 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында қазақ күресінен ересектер арасында ҚР чемпионатында ІІІ-орын иеленіп, ҚР Спорт шебері атағы берілді - 2006 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында Республикалық Универсиада да І-орын - 2007 жылы Алматы қаласында «ҚР Қарулы күштер» арасында әскери самбодан І-орын - 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында қазақ күресінен Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы халықаралық жарыста І-орын - Спорт саласына қосқан үлесі үшін Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Мамадияров, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Жүнісбековтің «Алғыс хаттарымен» марапатталдым.