Басты бет »Түлектер
Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы
Аудан: Талас
1965 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал
аулында туған. Заң ғылымының докторы (2001ж.), профессор, Қазақстан
Республикасынын Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі және
Қазақстан Республикасыны Заң академиясының академигі.
1990жылы ҚазМУ-ды және 1997 жылы «Тұран» унверситетін бітірген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік арбитражда экономикалық
кеңесші және мемлкеттік арбитр болып қызмет еткен.
1993жылы Қазақстан Республикасының Жоғары арбитраж соты мен
1995 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары сотының судьясы
қызметтерін атқарған.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің
мүшесі, сол жылы Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы
болып сайланды.
2006 жылға
дейін
Қазақстан
Республикасының
Президентінің Қазақстан Республикасың Парламентіндегі Өкілдігінің, одан
кейін Қазақстан Республикада Парламенті Сенаты аппаратының
басшысы, 2006-2007 ж.ж. Ақмола технологикалық
және
бизнес
унверситетінің ректоры, 2007 жылы Қазақстан Республиканың Жоғары соты
жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан
Республикасының Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы
қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Еуразияұлттық унверситетінің ректоры.
Әбдірайым 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде
6 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен және медальдармен
марапатталған.
2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы
Парламенті мәжілісінің депутаты.