Басты бет »Түлектер

Төлепберген Мейрамбек   Мылтықбайұлы

Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы

Аудан: Талас

1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылында туған. Қазақ.
1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген, журналист.
1974-1975 ж.ж. - Жамбыл облысы Сарысу ауданының «Тоғызкент» кеңшарының құрылысшы-жұмысшысы.
1976 жылы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы.
1976 жылдың тамызынан 1981 жылдың қазанына дейін - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
1980 жылдан - Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысының орынбасары.
1991 жылдан - «Халық кеңесі» газетінің сектор меңгерушісі, бөлім редакторы (Алматы қаласы).
1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, саяси шолушысы, Алматы бөлімшесінің жетекшісі.
2007-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ бұқарамен байланыс басқармасының бастығы, бұқарамен байланыс департаментінің директоры.
2009 жылдан - Жамбыл және Алматы облыстары бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС өкілі.
2010 - 2013 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2013 жылдан - "Қазақстан-Тараз" телекомпаниясының президенті.

Марапаттары:
«Ерен еңбегі үшін» (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының (1998), президенттік гранттың (2005), ҚР Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық жүлдесінің (2007) лауреаты. ҚР Мәдениет қайраткері (2000).