Главная » Выпускники
Оспанбеков Төлеухан
Аудан: Мойынқұм
1948 жылы Мойынқұм ауданы Жамбыл кеңшары туған.
1972 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалын
бітірген.
1966 - 1975 ж.ж. «Молодежный» кенішінде слесарь, газэлектр дәнекерші,
ұста, «Қаратау» кен-химия комбинатында флотатор, диірменші, кен байыту
фабрикасы бас ғимаратының бастығы қызметтерін атқарды.
1975 - 1981 ж.ж. Қаратау қалалық комсомол комитетінің хатшысы. «Ақсай»
кенінде партия ұйымының хатшысы.
1981 – 1984 ж.ж. Қаратау қалалық партия комитетінде бөлім меңгеруші.
1984 – 1985 ж.ж. Жамбыл облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі.
1985 –1990 ж.ж. Жаңатас қалалық партия комитетінің 1-хатшысы.
1990 – 1992 ж.ж. қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1992 – 1993 ж.ж. Жамбыл облысы антимонополиялық саясат комитетінің
төрағасы қызметтерін атқарды.
1993 жылы қазаннан «Ақбақай кен байыту комбинаты» АҚ-ның президенті.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.