Басты бет »Түлектер
Жошыбаев Сейітхан
Аудан: Тұрар Рысқұлов
1939 жылы 9 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар
Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында дүниеге
келген. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина
ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары
ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Медицина
ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
ісінің үздігі, Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының академигі, Тараз
қаласының құрметті азаматы.
1970-1984 жылдары - Бішкекте хирург, медициналық институтының
жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық
сақтау
министрлігінің
Республикалық
кардиология
меңгерушісі. 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және
тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары
бөлімінің жетекшісі болды. 2006 жылдан бастап Тараз қаласындағы
Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқарды.
С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар
мен одақтардың құрметті мүшесі. 1 ғылым докторын, 9 ғылым кандидатын
дайындап шығарған. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолияның,
Венгрияның,
Германияның,
Үндістанның,
Канаданың, Польшаның, Чехияның және тағы басқа елдердің арнайы
мамандандырылған клиникаларында болды. Қырғызстан мен Қазақстанның
бірнеше медальдарымен марапатталған.