Басты бет »Түлектер

Байтелиев  Алтай  Әшенұлы

Байтелиев Алтай Әшенұлы

Аудан: Тұрар Рысқұлов

1946 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы Луговой ауданы (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы ауданы), бұрыңғы Қызылту (қазіргі Әбжаппар) ауылында туған. Филология ғылымының докторы, профессор.
1966 жылы Алматы шет тілдері институтының оқытушысы. 1967 жылы – әскер қатарында болды.
1974 жылы Қазақтың Әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М.Киров атындағы) Мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасын «Тіл білімі теориясы» мамандығы бойынша бітіріп, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.
1968-1979 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі.
1979 жылдан бері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры болып қызмет атқарды.
150-ден аса ғылыми мақалалары, 3 монографиясы, 5 оқу құралдары, 1 сөздігі жарық көрген.
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына сіңірген еңбегі төсбелгілерімен марапатталған.