Басты бет »Түлектер

Мәзімбаев Марат Кененбайұлы
Аудан: Қордай
Марат Кененбайұлы Мәзімбаев (12 сәуір, 1974 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауылы) – кәсіпқой боксшы, IBАчемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998). Толығырақ Алғашқы бапкерлері – Н.П. Фролов, С.Болдырев. Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы (1993 – 96). Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Оңтүстік Корея) күміс жүлдегері. Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1998, Дублин,Ирландия). Азия ойындарының қола жүлдегері (1998, Бангкок, Тайланд). 1997 ж. Германияның Галле қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдені иемденді. Кәсіпқойлар арасында ІВА тұжырымы бойынша әлем чемпионы (2005, Алматы). WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы (2005, Алматы).