Главная » Выпускники
Абдуалы Асқар
Аудан: Байзақ
Асқар Абдуалы 1953 жылы Байзақ ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. Еңбек жолын 1979-1983 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында «Тарих және саясаттану» кафедрасының оқытушысы. 1983-1988 ж.ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер- ізденуші, аспиранты. 1988 жылы тарих ғылымының кандидаты дәрежесін корғап, 1992 жылы доцент ғылыми атағын алған. 1989-1996 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған. 1996-2001 ж.ж. Жамбыл университетінде кафедра меңгерушісі. 1998-2001 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінің деканы. 2001-2003 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор кызметтерін аткарған. 2003-2010 жыддары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының директоры қызметін атқарған. 2006 жылы «XVIII ғасырдың 2-ші жартысы және XIX ғасырдың 60 жылдар аралығындағы Хиуа хандығы мен Қазақстанның карым-қатынасы» атты тақырып бойынша тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алды. 2010 жылы профессор ғылыми атағын алған.