Главная » Выпускники
Шәметов Нұртаза
Аудан: Байзақ
Шәметов Нұртаза 1953 жылы 25 қыркүйекте Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. 1970-1975 ж.ж. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1975-1977 ж.ж. Мойынқұм ауданына жолдамамен барып, осындағы Бірлік кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болудан бастаған. 1977-1986 ж.ж. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бас инженер, бөлім бастығы лауазымдарында істеген. 1986-1992 ж.ж. Жамбыл облыстық агро-өнеркәсіптік комитеттің механизация бөлімінің бастығы, кәсіптік-техникалық білім беру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 1992-1994 ж.ж. Жамбыл облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 1994-1995 ж.ж. Свердлов (Байзақ) аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары. 1995-2001 ж.ж. Жамбыл мемлекеттік меншікті басқару территориялық комитетінің бөлім бастығы лауазымында жұмыс істеді. 2001 жылы Алматы индустриалдық колледжіне директор орынбасары болып тағайындалды. 2004 жылы Алматы индустриалдық педагогикалық академиясының ректоры болды. 2005-2010 ж.ж. Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің президенті. 2010 жылы Астана қаласындағы кәсіптік және техникалық білім беру, біліктілігін көтеру Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ғылыми жетекшісі болды. 2011 жылдан бастап қазірге дейін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің кәсіптік білім беруді инновациялық дамыту департаментінің директоры болып қызмет атқарады.