Басты бет »Түлектер

Дүйсенбек  Әділ

Дүйсенбек Әділ

Аудан: Байзақ

Дүйсенбек Әділ 1942 жылы 24мамырда Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.
1948 жылы Ақжар ауылындағы жеті жылдық мектепке барып, ал 1958 жылы Буденовка (Түймекент) орта мектебін бітірген. 1958-1961 ж.ж. «Трудовой пахарь» ұжымшарында қатардағы колхозшы болып істеген.
1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті.
1964–1967 жж. әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет етті.
Университеттің соңғы курсында жүріп республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты. Содан бері үзіліссіз осы басылымда еңбек етті.
Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған. Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде редактор болып қызмет етеді.
Әңгімелері мен повестері бірнеше ұжымдық жинаққа енген. Баспадан «Ақ күмбез» («Жалын» 1977), «Көкжиек» («Жалын», 1979), «Жүрек жылуы» («Қазақстан», 1984), «Тергеу әлі біткен жоқ» («Жеті жарғы», 1997), «Көкжиек» («Фолиант», 2002), «Қара шаңырақ» («Фолиант», 2004), «Шерағамның шеруі» («Қазығұрт», 2007) деген кітаптары басылып шықты. 2002 және 2004 жылдары «Менің Шерағам» атты эссе-әңгімелер мен новеллалар жинағы («Өлке») шықты.