Басты бет »Түлектер
Садуов Марат Садуұлы
Аудан: Байзақ
Садуов Марат Садуұлы 1941 жылдың 4 шілдесінде Аққұм ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Түймекент ауылындағы Ақжар орта мектебін күміс медальмен бітіріп, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ветерания факультетіне оқуға түседі. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Алға ауданы, «Красный колос» колхозының бас мал дәрігері және 5 участкенің малдәрігерлік меңгерушісі болып атқарған. Жамбыл облысына ауыстырылып, «Подгорный» астық кеңшарының бас мал дәрігері. 1966 жылы Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандық малдәрігерлік стансасының эпизоодәрігері болып істеген. 1967 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жолдамасымен Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының аспирантурасында оқуға жіберілген. Оны 1970 жылы бітіріп, осы институттың зоогигиена кафедрасына ұстаздық-ассистентік қызметке қабылданған. 1982 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне кандидаттық диссертация қорғаған. Қазірде Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринарлық- санитарлық сараптау және гигиена кафедрасының доценті қызметін атқаруда.