Басты бет »Түлектер

 Әуесбай  Қанат   Әуесбайұлы

Әуесбай Қанат Әуесбайұлы

Аудан: Тараз қаласы
Мектеп: №45 гимназия

Мектепті бітірген жылы: 1998

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай (журналистикадағы имидждiк есiмi Әуесбайдың Қанаты; 14 қаңтар 1982 жылы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы) — халықаралық журналист, педагог-ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаты. "Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain" кітабының авторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. Қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн еркін бiледi.Қанат кәсіби музыкант, баянда ойнайды. Тараздағы Құрманғазы атындағы өнер мектебін бітірген. 9 сыныптан кейін Тараздағы гуманитарлық колледждің халық аспаптары бөліміне "баян" сыныбында бір жыл оқыған. Колледжде жүргенде құрамында баян мен екі домбырасы бар "Серілер" триосын құрған. Университетте "Бейбарыс" тобы құрамында ән айтқан. Әндері бір CD-табаққа енді. Университет қабырғасында "Жігіт сұлтаны" байқауының I-орын иегері атанды