Главная » Новости

"Туған жерге тағзым" жобасы

Аудан: Жуалы
Мектеп: №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы - адал еңбек деп біледі. Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген азаматтар да жоқ емес екені көңіл қуантады. Осы ретте 2018 жылы пайдалануға берілген алтын ұя мектебіміздің көркеюіне, көгалдануына демеушілеріміздің Жамбыл облысы Тараз қаласы "Мереке" ЖШС компаниясының директоры Байбатшаева Гүлайым Бегелдаевна, Жуалы аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Елекбаев Айбек Орынбасарұлы, Жуалы аудандық мәслихат депутаты, "Жуалы" қоғамдық-саяси газетінің Директор-Бас редакторы Сұлтанмұратов Заирбек Жақсыбекұлы, "Дидарбек" шаруа қожалығының иесі Үмбеталиев Нұржан Дидарбекұлы, жеке кәсіпкер Мусрепбеков Манап Тұрғынұлы, ауылымыздың жеке кәсіпкері Орынбасаров Жарқын және мектеп ата-аналарының үлесімен 5 (бес) түп шырша ағашы және көпжылдық гүлдер отырғызылды. Демеушілерімізге мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!!!