Главная » Новости

Түлектер мектебіне демеушілік жасады

Аудан: Жуалы
Мектеп: №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі

Тәуелсіздік күні - Егеменді Қазақстан тарихының негізі болған мемлекетіміздің ұлттық мерекесі. 2014 жылдың 15 қараша күні мектебімізде өткен Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –ерліктің дастаны, елдіктің бастауы» атты атты салтанатты жиынға тосын сый болып келген мектебіміздің түлектері бәрімізді қуанышқа бөледі. 1986 жылы туылған №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектепті 2004 жылы бітірген түлектер мектебіне демеушілік жасады. Атап айтқанда, Қорғанбаев Манас, Жаппаров Қайрат, Райкулов Асыл, Райкулов Арман, Момыналиев Нұржан, Абдыев Нурлан. Олар өздері оқыған мектепке түрлі түсті SMART TV теледидарын, түрлі –түсті принтерін, DVD, радио байланыс телефонын, волейбол, баскетбол доптарын сыйға тартты. Демеушілік көрсеткен түлектеріне мектеп директоры Г.Жорабекова алғысын жаудырып, жылы лебізі мен ризашылығын білдірді. Сондай - ақ жиынға арнайы шақырылған Ақтөбе ауылдық округінің бас маманы К.Е. Хайралаппов демеушілердің бұл игі бастамалары көпке үлгі болса деп алғысын айтты, Ақтөбе ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Р.Дүйсебаев оларға ақ батасын берді. Бұл игі іс мектеп үшін де, оқушылар үшін де жақсы жетістік. Мектепті он жыл бұрын бітірген демеушілерміз өз сөздерінде: «Біз осы мектептен он жыл бұрын түлеп ұштық. Артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарымызға кішкентай да болса көмегіміз болсын деп осындай игі іс жасап отырмыз» -деді.