Главная » Новости
Танымал спортшылармен кездесу
Аудан: Меркі
Мектеп: №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі
№ 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 6 ақпан күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен «Біздің мектептің түлектері» айдарында өздерінің 5-11 сыныптағы спорт сүйер шәкірттерімен «Жасыңнан шынықсаң ғасырға жарайсың» атты танымал спортшылармен мотивациялық кездесу өткізілді. Жас жеткіншектерді спорт түрлеріне қалай машықтанып, үнемі дайындық пен табандылық, жеңіске жету мақсат қоя білу дағдылары туралы айтылды. Кез келген мамандықтан спортпен байланысты мамандық таңдағандарға ерекше жігерлік пен еңбекқорлық ғажет екені ескерілді.Жоғарыдағы іс-шараға мектебіміздің 12 түлегі қатысты.