Главная » Новости
"Тәртіпке бағын жасыңнан...."
Аудан: Сарысу
Мектеп: Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы
Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру мақсатында 9 сынып оқушыларымен "Тәртіпке бағын жасыңнан...." тақырыбында мектебіміздің түлегі Сарысу аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Дәулен Мараттың қатысуымен онлайн пікір сайыс өтті