Главная » Новости

«Ата өнері -балаға мұра» отбасылық шеберлік сабағы

Аудан: Меркі
Мектеп: №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі

№5 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы 2020-2021 оқу жылында күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақыттарын тиімді пайдалану іс-шаралар жоспары аясында 13-қараша күні «Ата өнері - балаға мұра» атты сырттай отбасылық шеберлік сабақтары өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты балаларға өз ата-анасының кәсібіне қызығушылықтарын туғызып, енбекке баулу, атадан мирас болып келе жатқан қолөнер бұйымдарын жасауда Құрманғали отбасы ісмерлік көрсеткен болса, Нұрғазиевтар отбасы жылыжай жасау мен мол табыс алудың алғашқы шарттарымен таныстырды. Екі отбасының да кәсібіне несібесі мол болуға тілек білдіріп, мектеп әкімшілігі атынан алғыс жариялаймыз! 2б сынып жетекшісі Н. Шаргынованың білім алушылары А.Құрманғали мен К.Нұрғазы бастаған отбасылық шеберлік сыныбы жыл бойы жалғасатын болады.