Басты бет » Жаңалықтар

Қалдыбекова Мейіркүл Әбжанқызымен кездесу.

Аудан: Меркі
Мектеп: №22 жалпы білім беретін мектебі

22 жалпы білім беретін мектебінде " Өлеңге əркімнің бар таласы,сонда да солардың бар таңдамасы,Іші алтын ,сырты күміс сөз жақсысын ,қазақтың келістірер қай баласы" деп Абай атамыз айтқандай "Жыр жазамын жүрегіммен" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Білім ордасына қонаққа Меркі аудандық "Меркі тынысы"газетінің хаттар бөлімі меңгерушісі қызметін 21жыл атқарған , Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалдыбекова Мейіркүл Əбжанқызы келді. Ақындығымен танылған ,қаламынан жыр, жүзінен нұр төгілген аяулы əже ,ардақты ана,"Арман -Елік","Перне көңіл"жыр жинағының авторына сөз кезегі беріліп, ақын өз өмір жолынан қысқаша айтып берді.Өзінің жеткен жетістігіне жауапкершілік пен қажымас еңбегінің арқасында жеткенін айтып өтті.Рухани жаңғыру мақаласының ұлт үшін маңыздылығын да назардан қалдырған жоқ.ӨЗ жалғасын мəнді тапқан кеште сөз кезегі ата-аналар комитетінің төрайымы Серіккүл Қыйбай қызы мен директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Перуза Елубайқызы "Туған жерге тағзым жасап"мектебімізге келіп оқушылармен ой бөлісіп жатқаныңызға көп рахмет деп жылы лебіздерін білдіріп өтті. "Поэзия минуты" бөлімінде Шамшидин Мұқағали "Арман-Елік",Хужабай Алмас,"Селт етпеймін", Рысқұлбек Еркежан "Меркем-еркем"Ергеш Назерке "Шуақты күн"өлеңдерін оқып бір серпілтіп тастады. Поэзия кеші əсем əн мен күйге ұласып,мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.Кездесу соңында "Қонақ кəде"ретінде қаламынан жаңа туған өлеңін оқып беріп, оқушылар жақсы көңілмен тарасты.