Басты бет » Жаңалықтар
«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлағы»
Аудан: Меркі
Мектеп: Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлағы» тақырыбындағы Мейіржан Ашировпен онлайн кездесу Қарашаның 12 жұлдызында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаланың ауқымды идеяларын оқушылар арасында тарату, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бойтүзеуіне ұйытқы болу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Алия, мектеп кітапханашылары Абдықасымова Ләззат пен Абашова Жанардың ұйымдастыруымен мектебіміздің түлегі, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аширов Мейіржанмен онлайн сұхбат өтті. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен спорт әлеміне алғаш аяқ басып жүрген спотшы оқушыларымыз қатысты. Шараны мектеп директоры Б.Т.Бектурганов ашып чемпионға толағай табыстар мен жетістіктер тіледі. Іс-шара барысында оқушылар спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Спортшы өзінің жеткен жетістіктері үлкен тер төккен еңбекпен, тынбайтын талпыныспен келетінін айтты.