Басты бет » Жаңалықтар
«Ақын-елдің ардағы» тақырыбындағы онлайн кездесу
Аудан: Меркі
Мектеп: Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінде қараша айының 25жұлдызында қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Билибаева Венераның ұйымдастыруымен «Ақын-елдің ардағы» тақырыбында мектеп түлегі, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы ҮЕҰмаманы «Асыл Арман» ұлттық дәтүр мен өнерді қолдау ҚБ «Болашақ» бірлестігінің жетекшісі, Жамбыл облыстық жас ақын-жазушылар кеңесінің мүшесі психолог Марал Хантөреқызымен zoom платформасында сыр-сұхбат кездесу өтті.Кездесудің бағыты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұрпақтар сабақтастығын бекіту. Мақсаты: Ұлт руханиятына, мәдениеті мен әдебиетіне қалтықсыз қызмет етіп жүрген ақын қыз, мектеп түлегі Марал Хантөреқызының өлеңдерін насихаттау, дәріптеу. Ұрпақтар сабақтастығын бекіту,алдыңғы ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту; Жастар тәрбиесіне қолдау көрсету бағытындағы оң тәжірибелерді ортаға салу. Кездесуге мектеп директоры Бектурганов Бауыржан Тлешұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Әлия Әбубакірқызы және мектеп кітапханашылары,ұстаздары,оқушылар қатысты. Кездесуде алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Б.Т.Бектурганов ақын қыз Маралға жүрек жарды ақ тілегін білдірсе, мектеп директорының орынбасары Алия Әбубакірқызы Маралдың ел аузында жүрген халықтың қызы екенін мақтанышпен тілге тиек етті. Марал Хантөреқызының өлеңдері оқылды. Ақын қызға оқушылар сұрақтар қойып, өмірімен танысып, өлеңдерін тұшына тыңдады. Марал Хантөреқызының өмірімен, болашақтағы армандарымен танысты. Өміріндегі ең бақытты,сәтті, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Оқушылар ақын қыздың Елбасымен кездесудегі оқиғасын қызыға тыңдап, армандар орындалу үшін мақсаттың айқын болу керектігіне көз жеткізгендей болды. Кездесу соңында Марал Хантөреқызына 6-сынып оқушысы Әзімбек Ермахан кездесу барысында жазған, сиясы кеппеген жаңа өлеңін тарту етті. Кездесу барысында оқушылар ұрпақтар сабақтастығын бекіту, алдыңғы ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту өмір құндылығы екенін түсінді.