Басты бет » Жаңалықтар
"Ұстаз болу – жүректің батырлығы" түлекпен кездесу
Аудан: Сарысу
Мектеп: Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
Қаңтар айының 28 күні "Ұстаз болу - жүректің батырлығы" тақырбында мектебіміздің түлегі Бупежанова Забира Қаһарманқызмен кездесу өткізілді. Забира Қаһарманқызы облыс және аудан көлемінде танымал ұстаздардың бірі. Забира апайымыз халықаралық байқауларда, республикалық олимпиадаларда оқушылары жүлделі орыннан көрініп жүр және "Үздік ұстаз" төсбелгісінің иегері. Кездесу барысында Забира апай ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық екенін айтып өте отырып өзінің ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдағанын жеткізді. Кездесу онлайн форматта өткізілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып жауап алды.