Главная » Новости

"Өз ісінің шебері"

Аудан: Байзақ
Мектеп: № 4 мектеп-лицейі

"Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 21.10.2020 жылғы 01-05/3150 хаты бойынша Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын" басшылыққа ала отырып, "Өз ісінің шебері" атты тақырыпта № 4 мектеп-лицейінің 8 "Ә", 10 "Ә" сынып оқушыларымен директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Алия Абдигапарова барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Байзақ ауылында орналасқан "Ажар ханым" тігін цехіне барып, танысып қайтты. Мамандығын нағыз кәсібіне айналдырған, өңірге танылып үлгерген жеке кәсіпкер, өндіріс басшысы және де киім дизайнері Маханбетова Гүлжахан ханымға оқушылар мамандық таңдауға байланысты өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алып қайтты.