Басты бет » Жаңалықтар
Ауданда алғашқы STEM лабораториялық кабинет ашылды
Аудан: Меркі
Мектеп: Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы білім беретін мектебі
Бүгін М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәтті ауылының тумасы,«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстанда STEM оқыту жүйесінің негізін қалаушы, кәсіпкер Мүтәлі Әбутәліп мырзаның демеушілігімен STEM лаборатория кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Меркі ауданының әкімі Р.Нұрсипатов, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева, ауыл әкімі Т.Әлметов, ауыл ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы STEM бағдарламасында жартылыстану ғылымы, жаңа технологиялар, математика, инженерлік бағытқа баса назар аударылған. Зертханада бір мезетте 20 бала сүйікті ісімен айналыса алады. Кабинетте 3D модельдеу аймағы, конструкторлық бюро, тесттілеу зонасы сынды робаттарды жасауға арналған орын бар. Кәсібінен нәсібін тапқан азамат Әбутәліп мырза игі іс жасап, робототехника кабинетін ашуға 12 млн теңгеге жуық қаржы салып, жас жеткіншектердің мектеп қабырғасынан—ақ робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйреніп, өздерінің инженерлік ойлау жүйесін қалыптастыруға жол ашып отыр. Іс-шара кабинеттің лентасы қиылып, салтанатты түрде ашылудан басталды. Аудан Әкімі және келген құрметті қонақтар жылы лебізін білдіріп, мектеп директоры Қ.Боржуков жерлесімізге алғысын айтты. Мектептің АКТ залында жалғасын тапқан шарада Мүтәлі Әбутәліптің «Хабар 24» телеарнасына беріген сұхбатынан үзінді видеоролик көрсетілді.Сондай-ақ қонақтар мектептің көркем өнерпаздары дайындаған бағдарламаларын тамашалады. Соңында Әбутәліп мырза отбасымен сөз алып, ауылдастарына рахметін айтты. Жергілікті ақын Ә. Қоңқабаевтын Мүтәлі Әбутәліпке арнаға «Арнау» өлеңі оқылып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.