Басты бет » Жаңалықтар
Түлекпен жылы жүздесу
Аудан: Меркі
Мектеп: №2 Аспара жалпы білім беретін мектебі
Бүгін Меркі ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Меркі ауданы, Аспара ауылында осы ауылдың тумасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үйлестіру департаменті, қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының басшысы Ақмарал Сванбаевамен кездесу өтті. Кеш барысында Жамбыл облыстық Рухани жаңғыру» кеңсесінің басшысы Зарина Қуаттегі, аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев және білім бөлімінің әдіскері Сауле Раптаевалар ізгі тілектерін білдірді. №2 мектеп директоры Бауыржан Мамырбаев сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа жол көрсету, үлгі көрсету мақсатында Туған жеріне уақыт тауып келгені үшін алғысын білдіріп, сый құрмет көрсетті. Ал өз кезегінде Ақмарал Бегенбайқызы өзінің оқыған мектебіне естелікке сый сыйлап, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғысын білдірді.