Басты бет » Жаңалықтар

«Өз ісінің шебері» түлектермен кездесу.

Аудан: Байзақ
Мектеп: Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі

Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары мен 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Өз ісінің шебері» тақырыбында 8 - сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Аталған шараның мақсаты: Мектебімізден тәлім алып түрлі салада өз ісінің шебері атанып жүрген мектеп түлектерін насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға , өнерге, спортқа деген құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Шараға мектеп директоры: Сейдалиева Айсара Рашбайқызы, директордың бейіндік пәні ісі жөніндегі орынбасары Бекбатырова Баян Елеуқызы, Шертаева Бахыт Рахимжановна Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің директоры, Азимбаев Бахыт Болатович «ForteBank» орынбасары, Әлмұратов Бақыт Темірханұлы, М.Х.Дулати ат. Тараз өңірлік университеті "Ұстаз" институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары, Кусбеков Дулатбек Серикулы Жамбыл облысының аға жаттықтырушысы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы. ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 8 - сынып жетекшілері Р. Бейбітова, Г. Кунанова, Ж. Оразгелдиева, Д. Тұрсыналы. М. Сулейменова қатысты. Кездесу барысында қонақтар мамандық таңдаудың маңызына , мамандықты дұрыс таңдау өз ісінің шебері болудың алғы шарты екеніне тоқталды. Оұушылар көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап ала білді. Кездесу соңында директордың бейіндік пәні ісі жөніндегі орынбасары Б.Бекбатырова кездесуге қатысып отырған спикерлердің барлығы мектебіміздің түлеп ұшқан түлектері екеніне тоқталып, осы кездесу оқушылар мол азық болатынын айтып өтті. Осы бір кездесуде Ұрпақтар сабақтастығы кереметтей көрініс тапты.