Басты бет » Жаңалықтар
"Самғатқан сан түлекті алтын ұя"
Аудан: Сарысу
Мектеп: Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, облыс әкімінің «Жомарт түлек» жобасы аясында , түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, жетістікке жету тәжірбиесімен бөлісе отырып, мектеп өмірімен тығыз байланыс орнату мақсатында мектебімізде 2021 жылдың 26 наурыз күні «Самғатқан сан түлекті алтын ұя» тақырыбында (1985-2010жж) түлектермен кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары ретінде мектебімізге еңбегі сіңген ардагер ұстаздар қатысты. Кешке жиналған ардагер ұстаздар өздері білім нәрімен сусындатып , өмір айдынына шығарып салған түлектерімен қайта қауышып, мектеп табалдырығында өткен естеліктерімен бөлісті. Ал түлектер өз кезегінде мақсатқа қол жеткізу, кәсіпті дұрыс таңдау, өмірде өз орныңды табу жолдары жайлы ой бөлісіп, ізбасарларына ақыл –кеңестерін айтты. Бүгінде әр салада адал еңбек етіп жүрген түлектер білім ошағы мен ұлағатты ұстаздарына деген алғыстарын білдірді. Жиналған көпшіліктің көңілінде кештен керемет әсер қалды. «Бір тал кессең- он тал ек» деген ата- бабаларымыздың сөзі бар, осы қағидаға сүйене отырып түлектер алтын ұя мектебіне алғыс ретінде тал көшеттерін тарту етіп, ұстаздарымен бірге тал екті.