Главная » Новости

"Мектепке сағыныш" атты түлектермен кездесу өтті
Аудан: Сарысу
Мектеп: Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні мектебімізде "Жомарт түлек" акциясы аясында " Мектепке сағыныш " атты кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің түлектері Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Баймағамбетов Ілияс, білім бөлімі әдіскері Раймов Жанәділ, Жаңаталап орта мектебі директоры Сағындықов Балғабай, Әйтеке би орта мектебі директоры Назарбеков Қанат ағаларымыз қатысты. Түлектеріміз оқушыларды жетістікке жету үшін тек қана оқу керек екенін айта отырып, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында "Кітап оқуға құштар мектеп" акциясына демеушілікке 200.000 (екі жүз мың ) теңге демеушілік жасады.