Главная » Новости

"Мамандық таңдай білейік"
Аудан: Сарысу
Мектеп: Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы
Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру .Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында 9 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдай білейік» тақырыбында мектебіміздің түлектері Құлмағанбетов Еркебұлан Сейтмағанбетұлы- Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маманы, Толеубай Ергали Сапаргалиулы- НЦЭ Ұлттык Сараптама Орталығында энтомологы, Әбдіғалиева Балнұр Нұрғалиқызы- Асанәлі Әшімов атындағы «Жаңа ғасыр» театрының актрисасы, Балпақова Диана Асхатқызы – Сарысу аудандық орталық ауруханасының мейргері қызметтеріндегі жас мамандармен кездесу ұйымдастырылды.