Басты бет » Жаңалықтар

"Жомарт түлек" акциясы жалғасуда

Аудан: Шу
Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп- лицей

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Жомарт түлек" акциясы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның дәлелі ретінде Шу қаласы, №40 мектеп - лицейінің 2000 жылғы түлегі Ыбраев Қазбек, 2007 жылғы түлектері Құлыбеков Арман, Даденбаев Даурен, Қыдырбаев Мейрам, Караулов Азамат, Кенжебеков Нұрбол, Нусипбек Алмаз, Сундетбаев Ернұр, Бағыбаев Қайсар өздері білім алған мектебінің химия кабинетіне безендіру жұмыстарын жүргізді. Туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосары сөзсіз. Демеушілік көрсеткен жомарт түлектерге мектеп әкімшілігі зор алғысын білдіреді.