Басты бет » Жаңалықтар

"Жомарт түлек" акциясы жалғасуда

Аудан: Шу
Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп- лицей

Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Жомарт түлек" акциясы жалғасын табуда. Акция аясында Шу қаласы, №40 мектеп - лицейінің түлектері және аталған мекемеде қызмет ететін денешынықтыру пәні мұғалімдері Алимқожаев Асқар, Хасанби Нұрғиса, Омаров Ерік, ағылшын пәні мұғалімі Кәдірқұл Келбет, физика пәні мұғалімі Боранбай Ақбота, биология пәні мұғалімі Есенжол Гүлжамиля, Шамғон Ақбөпе өздері білім алған мектепке жұмсақ пуф сыйлап, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен жомарттықтың үлгісін танытты. Демеушілік көрсеткен түлектерге мектеп әкімшілігі зор алғысын білдіреді!