Басты бет » Жаңалықтар

«Жомарт түлек-2021» жобасы

Аудан: Жуалы
Мектеп: №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі

Туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген жомарт азаматтар ауылымызда жетерлік. Көңілі кең, жақсылыққа жаны құмар адамдарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. «Жомарт түлек-2021» жобасы аясында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің түлегі, облысқа танымал азаматтарымыздың бірі Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Мұртаза Жалғас Алижанұлы өз қаржысы есебінен мектептің муызкалық аппаратурасына керекті жаңа құрал-жабдықтар алып берді. Кіндігі кесілген туған жеріне, халқына қызмет ету, жақсылық жасау — ізгілікті іс. Жақсылық істеу, өзіңде барды өзгемен бөлісіп қол ұшын беру жомарттықтың белгісі. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азаматтары қоғамнан қашанда табылады. Алдағы уақытта да жаны жомарт, мәрт түлектердің қайырымды тірліктері жалғасын табатындығына сенімдіміз.