Басты бет » Жаңалықтар

"Кешегі түлек - бүгінгі тірек"

Аудан: Тараз қаласы
Мектеп: №45 гимназия

"Кешегі түлек - бүгінгі тірек" жобасы аясында гимназия түлегі, қазіргі таңда математика пәнінің мұғалімі Джуманазарова Айжан Мұхтарқызымен 7 "ә" сыныбында кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты - түрлі мамандық иелерінің, әр түрлі салада, табысты еңбек етіп, өз ісінің шебері екендігін, гимназияның білім алушыларына насихаттау, болашаққа бағыт-бағдар беру арқылы өз жолдарын табуға көмектесу. Кездесу барысында түлек оқушыларға білімнің рөлі туралы айтты. Тек қана білім мен тәрбиенің адамды жетістікке жеткізетініне тоқталды. Әр түрлі пайдалы ақпаратты көбірек оқып, өз маңдай теріңмен биікке ұмтылу қажеттігін атап өтті.