Басты бет » Жаңалықтар

"Кешегі түлек - бүгінгі тірек"

Аудан: Тараз қаласы
Мектеп: №45 гимназия

"Кешегі түлек - бүгінгі тірек" жобасы аясында гимназия түлегі, қазіргі таңда шет тілі пәнінің мұғалімі Болатова Әйгерім Талғатбекқызымен 7 «А» сыныбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – әр түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектерінің еңбектегі табысты жолын жас ұрпаққа насихаттап, оқушылардың болашақта өз жолдарын табуға көмектесу. Кездесу барысында, Әйгерім Талғатбекқызы «Білім - таусылмас қазына» екендігін дәлелдеп, оқушыларға қазірден білімге жауапкершілікпен қарап, мамандықты әр оқушы өз жүрегінің қалауымен таңдауы маңызды екендігіне тоқталды. Ол үшін, саналы түрде сапалы білімге құштарлық танытып, шығармашылық пен сөйлеу шеберлігін жетілдіріп, көбірек іздену керектігін айтты. Кездесу барысында оқушылар өздері қалаған мамандықтың шебері болу үшін, жан-жақты білімді азамат болу керектігін түсінді.