Басты бет » Жаңалықтар

Онлайн кездесу

Аудан: Тараз қаласы
Мектеп: №45 гимназия

8"В" сынып оқушылары гимназия түлегі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің білімгері Камиля Зульфухаровамен онлайн кездесу өткізді. Оқушылар түлектің медицина саласын таңдауының себебін және бұл мамандықтың ерекшеліктері жайында сауалдарға жауап алды. К.Зульфухарова оқушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамға адал қызмет етуге шақырды. Тәрбие сағатының мақсаты: түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, өмірлік тәжірибелерімен бөлісу.