Басты бет » Жаңалықтар

Тулекпен кездесу

Аудан: Тараз қаласы
Мектеп: №45 гимназия

Гимназиямыздың кешегі түлегі – бүгінгі ел мақтанышы Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы бізде қонақта болды. Бүгінде Нұрдәулет - 2021 жылдың 25 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токио (Жапония) қаласында өткен XVI- Паралимпиадалық ойындарда брасстан 100м қашықтықта қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бұдан өзге жетістіктері де ауыз толтырып айтуға тұрарлық: 2021 жылдың 15-17 сәуір аралығында Льюсвилл (АҚШ) қаласында өткен Пара жүзуден Әлем Кубогында 50м еркін жүзуден 1-орын, 100м брасстан 2-орын, 200 м кешенді жүзуден 2-орын иеленген, 2021 жылдың 17-20 маусым аралығында Берлин (Германия) қаласында өткен Пара жүзуден Әлем Кубогында 100м брасста 2-орынды, 4х50м аралас эстафетада 1-орынды жеңіп алды. 2021 жылдың 6 қыркүйегінде Президент Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортта жетістікке жеткен жерлестерімізді үлгі ете отырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатындағы бұл іс-шара Нұрдәулеттің «Жетістік тарихын» жас ізбасарларына үлгі етуге арналды. Іс-шарадан соң Нұрдәулет Мақсұтұлы мектептегі өзі білім алған кабинеттерде болып, ұстаздарымен әңгімелесті, Б.Момышұлы атындағы мұражайдың жаңғырған келбетімен танысты.