Басты бет »Түлектер
Саурықов Ерболат
Аудан: Мойынқұм
Саурықов Ерболат
1971 жылы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында туылған.
1994 жылы Жамбыл педагогикалық институтының "Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығын бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
Филология ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы 1994-1995 ж.ж. Жамбыл университеті, ғылыми-ізденуші.
1999-1999 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу-
зерттеу орталығының 1 дәрежелі инженері.
1999-2000 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы
тілдер білімі» кафедрасының ассистенті.
2000-2001 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Қазақ тілі курсының практикасы» кафедрасының меңгерушісі.
2001-2004 ж.ж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік
университетінің тест орталығының бастығы.
2004-2006 ж.ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-
әдістемелік бөлімінің проректоры.
2006-2010 ж.ж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің,
«Құқықтану және тарих» факультетінің деканы, «Қазақ тілі» кафедрасының
доцент міндетін атқарушы.
2010
жылы
Тараз
инновациялық-гуманитарлық
университетінің
«Филология» кафедрасының доценті, «Экономика және филология»
факультетінің деканы, I проректоры.
2012 жылдың мамыр айынан бастап "Тараз инновациялық-гуманитарлық
университетінің" ректоры.
Марапаттары:
1997-1998 ж.ж. Президент стипендия иегері.
2000-2001 ж.ж.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
стипендия иегері.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс
хаты.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Алғыс хаты.