Главная » Выпускники

Саурықов  Ерболат

Саурықов Ерболат

Аудан: Мойынқұм

Саурықов Ерболат 1971 жылы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында туылған.
1994 жылы Жамбыл педагогикалық институтының "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығын бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
Филология ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы 1994-1995 ж.ж. Жамбыл университеті, ғылыми-ізденуші.
1999-1999 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу- зерттеу орталығының 1 дәрежелі инженері. 1999-2000 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы тілдер білімі» кафедрасының ассистенті. 2000-2001 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі курсының практикасы» кафедрасының меңгерушісі.
2001-2004 ж.ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің тест орталығының бастығы. 2004-2006 ж.ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу- әдістемелік бөлімінің проректоры.
2006-2010 ж.ж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, «Құқықтану және тарих» факультетінің деканы, «Қазақ тілі» кафедрасының доцент міндетін атқарушы.
2010 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» кафедрасының доценті, «Экономика және филология» факультетінің деканы, I проректоры. 2012 жылдың мамыр айынан бастап "Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің" ректоры.
Марапаттары: 1997-1998 ж.ж. Президент стипендия иегері. 2000-2001 ж.ж.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стипендия иегері.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты.