Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Менің қалаған мамандығым журналист. Өзім алдыға қойған мақсатыма жету үшін қазіргі уақытта мұқият білім алудамын. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі.
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Келер жылы алтын ұя мектебіммен қоштасып,болашаққа қадам басқалы тұрмын. Мен таңдаған мамандық-қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.Неге мұғалім десеңіз,өйткені менің мектебімдегі ұстаздардың бізге деген тәлім-тәрбиесі,ақыл-өнегесі,әрдайым бізді биік белестерге жетелеуі маған бір үлгі болды. Түрлі өлең жолдарын меңгеру ,әдеби шығармаларды оқып,ондағы құндылықтармен танысу мен үшін өте қызықты болды.Кейіннен түрлі олимпиадалар мен эссе жазу байқауларына қатысып жүлделі орын иегері атандым..Бұйырса ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл алып,қалаған оқу орныма түсіп, білікті маман атанарыма сенемін.
Тілекті орындауМектеп: Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі
9 сынып оқушысы
Мен Ахаева Дильназ.Қазіргі таңда 9 сыныпта оқып жатырмын.Бала кезімізде «Кім боласың?» деген сұраққа әр түрлі жауап іздейтінбіз.Сонда бала арманында шек бар ма? Балалық қиялмен әнші де, дәрігер де, әртіс те тағы басқа бірнеше мамандықты айтып мәз болатынбыз. Бірақ адамның өзіне ең жақын үлгі тұтатын адамы болады. Сол адам менің - әкем. Әкемнің қолына қара сөмкесін алып мектепке барғаны, үйдегі сабаққа дайындалған кезеңі, ұстаз жолындағы жетістікке жеткендегі қуанышты сәттері маған үлкен әсер етті.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.
Тілекті орындауМектеп: Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі
9 сынып оқушысы
Мен Исмаил Сымбат Сәду Шәкіров атындағы орты мектебінің 9 А сынып оқушысымын.Ал менің таңдаған мамандығым-Дизайнер. Дизайнер мамандығын таңдаған себебім, маған қатты ұнайды және де мендегі бар өнерді өз мамандығымда көрсеткім келеді. Дизайнер ол сәндікке жақын мамандық. Мен дизайнер мамандық иесі атанғым келеді.Жәнеде көп еңбектеніп жүрмін.Арман-мақсатыма жету үшін талпынудамын. Алға қойған мақсат-армандарымды орындап, ата-анамның маған үлкен сеніммен қарап отыр сол үшінде олардың сенімдерін, үміттерін ақтауым керек. Дизайнер мамандығы болу үшін 5 пәнді таңдау керек екен. Ал 5 ші пән еркін пән. Менің ойымша физика, қазақстан тарих,ағылшын, қазақ тілі жәнеде өзіне өмірлік керек пәнді таңдау керек деп ойлаймын. Яғни, грант алу үшін 5 пәнді міндетті түрде таңдау керек. Көбісінде айтып жатады ғой Физиканы таңдайсың кейін жаз айында яғни шілдеде емтихан тапсырылады. Емтихан ол шығармашылық жағынан екен. Емтиханнан кейін ең жоғарғы баллдарды жинап, грант тағайындайды екен. Міне, осылай мен дизайнер мамандығын таңдағым келеді. Дизайнер ол түрлі сәндік заттарды ойдан шығарады. Дизайнер мамандығының жалақысыда жоғары. Яғни, өмір бойы осы мамандық жемісің болады. Құдай қаласа осы арманымада жетемін. Менің қазіргі алға қойған мақсаттарымның алғашқысы ата-анамның үмітін ақтап, өзім қалаған мамандық иесі атану. Бұл мақсат-армандарымада жетемін, оған сенемін. Көп оқып,көп еңбектену қажет.
Тілекті орындауМектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.
9 сынып оқушысы
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу.
Мектеп: Амангелді атындағы орта мектебі
9 сынып оқушысы
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу.
Тілекті орындауМектеп: Ж.Баласағұни ат.о.м.
11 сынып оқушысы
Менің таңдау пәндерім- биология және химия. Менің кішкентай кезімнен бері армандап келе жатқан арманым-дәрігер болу. Мен Астана қаласында " Астана медицина университетінде ", Алматы қаласында "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде " жоғары білім алып, мұқтаж жандарға көмек беріп, халқыма қызмет еткім келеді. Менің алға қойған арман,мақсаттарым орындаларына сенемін және арманым орындалуы үшін тынбай еңбек етудемін. Армандар орындалады!!!
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Мектепті "Алтын белгіге" аяқтап, ҰБТ-дан жоғары балл аламын деген ойым бар. Мамандығым бойынша грантқа түсіп, ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Таңдаған мамандығым екі шет тілі.. Арманым шет елдерді аралап онымен қоса жұмысымдыда алып жүру. Алға қойған арман мақсаттарымның толықтай орындалғанын қалаймын. Орындалуы үшін қазіргі уақытта тынбай білім алудамын.
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы
Жоғарғы оқу орнына түсіп,дәрігер мамандығын алғым келеді.Сондықтан мен сабақтарымды жақсы оқуға тырысып жатырмын. Дәрігер болу үшін ағылшын,орыс тілдерін жақсы меңгеруім керек. Сол үшін аянбай еңбек етудемін. Балалардың дәрігері болып ,барлық балалардың дені сау болуына өз үлесімді қосқым келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
6 сынып оқушысы
Мен Мырзатай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ақан Асылай.Таңдау пәндерім- биология мен химия .Медицина мамандығын таңдау себебім: мен өзге адамдарға көмек қолын созып, қамқор болғым келеді , өзімнің білімімді сауапты істерге қолданғым келет.Болашақта үлкен белестерден көрінуге тырысамын.
Тілекті орындау