Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Мырзатай ауылындағы "Мырзатай орта " мектебінде оқимын. Аты жөнім Қошқарбай Мадина Мақсатқызы. Қазіргі таңда мен 5А сыныбында оқимын. Мен ДИЗАЙНЕР мамандығы болғым келеді, əрине мектеп бітірген соң. Дизайнер мамандығын таңдаған себебім мен қол өнер жағынан жақсымын, жəнеде осы мамандық өзіме ұнайды. Сондықтан мен сабағымды жақсы оқып, ағылшын, орыс тілі сабақтарын жақсы оқуым керек. Себебі менің тіккен кимдерімді орыс, қазақ т. б. Тілдерді білуім керек. Сіңілдеріме үлгі болып олардыңда жақсы мамандыққа түскенін қалаймын. Мен сыныптастарыммен мектепті жақсы бітіріп шықсам екен деген сенімдемін. Əлі ақ өсіп мектебімді жақсы бітіремін деген сенімдемін. Мектеп бітіріп жақсы оқу орнына түсіп, жоғарғы мамандық иесі болғым келеді. Мен болашақта өз арман мақсатыма жетемін деген сенімдемін. Менің айтқым келгені өзімнен кіші іні-сіңілдеріме мектепті жақсы бітіріп жоғарғы мамандыққа түскенін қалаймын. Жəне оларға сабақтарын жоғарғы оқыүанын қалаймын. Олар арман мақсатына əлі ақ жетеді деген ойдамын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен Шимкенов Нұрасыл Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылында, Мырзатай орта мектебінде 5 "А" сыныбында оқимын. Мен болашақта Полиция қызметкері болғым келеді. Себебі Полиция қызметкелері қылмыс жасаған адамдарды жазалайды, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізді. Мен қазіргі уақытта мектеп оқушысы болғандықтан Полиция қызметкерлеріне тек мектепті жақсы оқып қана көмектесе аламын. Егер біз мектеп оқушылары мектепті жақсы оқып жақсы білім алсақ қана жақсы жоғары оқу орнына түсе аламыз. Мен мектепті бітірген сон әскерге барып отан алдындағы борышымды өтегім келеді. Әскерден оралған сон Жоғары оқу орнына түсіп мамандық алғым келеді. Мамандық алған сон ең алдымен анам мен әжемнін апкелерімнін үмітін ақтап содан сон отан алды үмітін ақтап жақсы Полиция қызметкері болғым келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Мектепті аяқтағанан кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Мырзатай ауылындағы'Мырзатай орта мектебінде' оқимын. Аты жөнім Ережеп Мөлдір. Қазіргі таңда мен 5А сыныбында оқимын. Мен Медицина мамандығы болғым келеді, әрине мектеп бітірген соң. Медицина мамандығын таңдаған себебім мен ауырған адамдарды емдеп жазғым келеді, жәнеде осы мамандық өзіме ұнайды. Сондықтан сабағымды жақсы оқып жүрмін. Қанша ақылды болсамда өз мамандығымды таңдаймын. Содан соң артымнан келе жатқан іні-сіңілдеріме үлгі болып олардыңда жақсы мамандыққа түскенін қалаймын. Мен сыныптастарыммен мектепті жақсы бітіріп шықсам екен деген сенімдемін. Және мен өз білімімді шет елдерде тексергім келеді, мен өзімнен үлкен аға-әпкелерімнің жетістіктерін көріп маған өте күшті үміт келді, әлі ақ өсіп мектебімді жақсы бітіремін деген сенімдемін. Мектеп бітіріп дақсы оқу орнына түсіп, жоғарғы мамандық иесі болғым келеді. Мен болашақта өз арман мақсатыма жетемін деген сенімдемін. Менің айтқым келгені өзімнен кіші іні-сіңілдеріме мектепті жақсы бітіріп жоғарғы мамандыққа түскенін қалаймын. Және оларға сабақтарын жоғары оқығанын қалаймын. Олар арман мақсатына әлі ақ жетеді деген ойдамын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
9 сынып оқушысы
Мен - Мырзатай орта мектебінің 9А сынып оқушысы- ПолатбаеваЭлиза .Таңдау пəндерім - математика мен информатика. 2 жыл ішінде үлкен оқу орнына түскім келеді. Бағдарламашы - бұл жаңа заман технологияларына өте жылдам бейімделе алатын адамдар. Сондай -ақ олар үлкен сұранысқа ие.Бұл мамандықты таңдаған себебім: мен жаңа бағдарламалар жасау арқылы IT саласына көптеген жаңалық ашқым келеді . Болашақта шет елдің үлкен оқу орындарында оқысам деймін.Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар өте жақсы дамуда.Қазіргі заманды технологияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан адамдарды жаңа заман талабына үйрету үшін осы мамандықты таңдадым.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
10 сынып оқушысы
Мен, Сағынбек Айкүн.Мырзатай орта мектебінің 10 сынып оқушысы.Болашаққа көз жібере отырып,мен нағыз,дәрігер мамандығының иесі болғым келеді.Таңдап отырған пәндерім әрине,биология-химия.Алдағы 11 сыныптың ҰБТ-сынан сүрінбей өтіп,грант иегері болып, жоғарғы оқу орынында білім алсам деймін.Алға қойған мақсат-армандарым жетерлік.Бізді жақсы маман иесі болсын,өмірде өз орындарын тапсын деп,бізге өз білгендерін бойымызға дарытқан мұғалімдерімізге алғысым шексіз!!!
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Курметти де суйикти менин устаздарым, сиздерди мерекемен шын жүректен құттықтаймын!!! Сиздерге зор денсаулық, кажымас кайрат, талмас канат тилеймин. Кызыгы мен киындыгы катар журетин жумыстарынызда шыгармашылык табыстар тілеймін. Билим наримен сусындатқан шакирттериниз бииктерден коринип, сиздерди куанта берсин. Шаңырақтарыңызға шаттық, береке, бірлік, ынтымак тилеймин.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
6 сынып оқушысы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
10 сынып оқушысы
Мен, Мырзатай орта мектебінің 10 сынып оқушысымын . Таңдау пәндерім – қазақ тілі мен әдебиеті .Келер жылы жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы мамандық иесі болып шыққым келеді.Мен журналист болғым келеді.Әрине жұмыстың оңайы болмайды.Сол сияқты да, журналистика өте күрделі, жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық. Журналистика мамандығын таңдау себебім: қоғамда болып жатқан оқиғаларды еш бұрмалаусыз жеткізіп,қоғамда өз орны бар, маңызды мамандық иесі атанғым келеді. Болашақта алға қойған мақсаттарыма жетіп , осылай артымнан келе жатқан іні-сіңілілеріме үлгі болғым келеді. Мен, болашақта алға қойған арман, мақсаттарымды жүзеге асыратыныма сенемін және сол үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
11 сынып оқушысы
Мен, Нурхан Балнур Мырзатай орта мектебинин 11-сынып оқушысымын . Таңдау пәндерім – биология мен химия . Осы жылы медициналық жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы мамандық иесі болып шыққым келеді. Денсаулық сақтау саласы өте күрделі, жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық.Медицина мамандығын таңдау себебім: мен өзге адамдарға көмек қолын созғып, өзімнің білетін білімімді игілікке қолданып, қоғамда өз орны бар, маңызды мамандық иесі атанғым келеді. Өзіміздің өлкеден шыққан біз секілді мектебімізді бітіріп, қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп, бізге үлгі болып жүрген аға-әпкелерімізді көргенде бұл үлкен үміт сыйлайды. Болашақта алға қойған мақсаттарыма жетіп , артымнан келе жатқан іні-сіңілілеріме үлгі болғым келеді. Мен, болашақта алға қойған арман, мақсаттарымды жүзеге асыратыныма сенемін және сол үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.
Тілекті орындау