Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы
Мектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен Жамбыл облысы, Мырзатай ауылындағы "Мырзатай орта " мектебінде оқимын. Аты жөнім Абланбек Шырай Алмасқызы. Қазіргі таңда мен 5 "А" сыныбында оқимын. Мен Дәрігер мамандығы болғым келеді. Жоғарғы оқу орнына түсіп,дәрігер мамандығын алғым келеді.Сондықтан мен сабақтарымды жақсы оқуға тырысамын.Тілдерді ағылшын,орыс тілдерін білуім керек. Мен сыныптастарыммен бірге мектепті жақсы бітіріп шықсам екен. Мектеп бітіріп жақсы оқу орнына түсіп, жоғарғы мамандық иесі болғым келеді. Балалардың дәрігері болып ,барлық балаларды емдер едім. Дәрігер болсам деген арманым бар.Мен болашақта өз арман мақсатыма жетемін деген сенімдемін.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
9 сынып оқушысы
Мен, Мырзатай орта мектебінің 9"А" сынып оқушысы Сәтімбек Шынармын. Мектепті 11-ші сыныпқа дейін оқуды көздеймін. Таңдау пәндерім- ағылшын және дүние жүзі тарихы. Мектепті "Алтын белгіге" аяқтап, ҰБТ-дан жақсы көрсеткіш алғым келеді. Мамандығым бойынша грантқа түсіп, ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Таңдаған мамандығым екі шет тілі. Яғни болашақта аудармашы мамандығын атқарғым келеді. Бұл мамандық қазіргі күндері өте жақсы дамуда. Мамандығым бойынша тіпті шет тілі пәндерінің мұғалімі болсамда болады. Арманым шет елдерді аралап онымен қоса жұмысымдыда алып жүру. Заман талабына сай ағылшын тілін білу міндетті болғандықтан бұл мамандыққа сұраныста көп болады деп ойлаймын. Менің арманым аудармашы мамандарының алды болу. Көпке үлгі әрі өнеге болу. Өзімнің соңымнан еріп келе жатқан іні-сіңілдеріме жақсы білім алудың қажеттілігін көрсеткім келеді. Алға қойған арман мақсаттарымның толықтай орындалғанын қалаймын. Орындалуы үшін тынбай оқып, білім алғанның үстіне ала түсетін боламын.
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Мен мектебімізді бітіріп кеткен аға-әкпелерімнің жетістіктерін көріп өз мектебімді мақтан етемін.
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Болашақта өзім түлеп ұшқан мектебімде ұстаз болып қызмет атқарғым келеді. Сол мақсатқа жету үшін қазіргі уақытта білімімді шыңдаудамын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен 5сынып оқушысымын.Менің таңдау пәндерім -биология мен химия. Осы жылы медециналық жоғарғы оқу орнына түсіп,жақсы мамандық иесі болып шыққым келеді.Денсаулық сақтау саласы өте күрделі,жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық.Медицина мамандығынтаңдау себебім :мен өзге адамдарға көмек қолын созып ,өзімнің білетін білімімді игілікке қолданып,қоғамда өз орны бар ,маңызды мамандық иесі атанғым келеді .Болашақта білім алуымды шет елдерде жалғастыруды көздеймін .Жаңа орта-жаңа көзқарас-жаңа білім .Өзіміздің өлкеден шыққан біз секілді мектебімізді бітіріп,қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп,бізге үлгі болып жүрген аға-әпкелерімізді көргенде бұл үлкен үміт сыйлайды.Болашақта алға қойған мақсаттарыма жетіп ,осылай артымнан келе жатқан іні-сіңілілеріме үлгі болғым келеді .Мен ,болашақта алға қойған арман,мақсаттарымды жүзеге асыратыныма сенемін және сол үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мырзатай орта мектебі 5б-сынып оқушысы Төрен Ақжарқын Мен мырзатай орта мектебінің 5-сынып оқушысымын.Менің таңдаған пəнім- ағылшын тілі.Себебі мен өскенде ағылшын тілінің мұғалімі болғым келеді.Мен өскенде балаларға сабақ бергім келеді,сол себептен ағылшын пəнін таңдадым.Мен əпке-ағаларыма,іні-сіңілдеріме мақтанарлықтай боламын.Мен болашақта алға қойған мақсаттарыма қол жеткіземін деп ойлаймын
Тілекті орындауМектеп: Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ
11 сынып оқушысы
Болашағымнан зор үміт күттіретіндей ұстаз атанып , "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша өз мектебіме келіп қызмет еткім келеді.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
8 сынып оқушысы
Мен Мырзатай орта мектебінің 8 окушысы Мархабат Нұрдәулет .«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен, Бекжігіт Нұржас Медетұлы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылындағы "Мырзатай орта" мектебінде 5а сыныпта оқимын. Мен болашақта полиция қызметкері болғым келеді. "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай тәртіпке бас иіп, Елімізде тыныштық болса деймін. Ол үшін терең білім алып, жақсы оқып биіктерден көрінуге талпынамын. Өзім оқып білім алып жүрген білім ошағымды қастерлеп жақсы жағынан көрінуге тырысамын.Ұстаздарыммен, достарыммен, сыныптастарыммен қайта мектепке барып бирге білім алсақ екен. Іні қарындастарыма үлгі болып үлкен азамат болып өсемін.
Тілекті орындауМектеп: Мырзатай орта мектебі
5 сынып оқушысы
Мен, Нұржан Жанбота, Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай орта мектебінің 5 "А" сынып оқушысымын. Мен болашақта, Ұлжан әпкей секілді ұстаз болғым келеді. Балаларды біліммен сусындатып, елге адал қызмет еткім келеді. Ұстаз деген мектептің жүрегі, Ұстаз ұлы есім. Ұстаз әрқашан сыйлы, сыпайы, әдепті. Қазіргі әлемді жаулап отырған пандемия бітіп, асыл ұстаздарыммен қайта қауышып, мектепке қайта барсақ екен. Осы қиын сәттерде бізге қолдау көрсетіп білім беріп жатқан мұғалімлерге мың тағзым!
Тілекті орындау