Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы

Жалпы тілектер саны: 720

Орындалған тілектер саны: 62


Аудан: Шу

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп

8 сынып оқушысы

Менің ойымша армансыз бала болмайды. Менің де өз арманым бар. Мен өскенде депутат болғым келеді. Көп қаражат жинап анамды Меккеге апарғым келеді. арманымның орындалғанын асыға күтемін. Оған дейін сабақты беске оқып жақсы нәтиже көрсетуге талпынамын.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: №18Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі КММ

6 сынып оқушысы

Мен Өрікбай Жұлдыз Сатыбалдықызы, болашақта Тараз қаласындағы Дарын мектебіне оқуға түсіп, білімімді сол жерде дамытсам, Қазақстанның барлық жерін араласам, қазіргі оқып жатқан мектебімді үлкейтіп, мемлекетіміздегі ең үздік мектептер қатарына кіруіне үлесімді қоссам.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп

8 сынып оқушысы

Менің арман,тілегім дәрігер болу. егерде дәрігер болсам, ауырған адамдарға емдеп, дәрілер беріп көмектесер едім. мен жер бетінде еш адам, бөбектер ауырмаса деймін. Себебі, әр адам бақытты болуға лайықты. Маған неге дәрігер болуды армандадың десе менің әжемнің белі ауырғанда қатты аяп кетемін. Мен арманыма жетіп дәрігер болсам, әжемнің белін емдеп жазар едім.

Тілекті орындау
Аудан: Тұрар Рысқұлов

Мектеп: Р.Смаилов атындағы орта мектебі

1 сынып оқушысы

Мұғалім

Тілекті орындау
Аудан: Тұрар Рысқұлов

Мектеп: Р.Смаилов атындағы орта мектебі

1 сынып оқушысы

Мұғалім

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп- лицей

4 сынып оқушысы

Мен №40 шағын орталықты мектептеп-лицейінің 4 сынып оқушысымын. Болашақта еліміздің туын желбіретер спортшы болғым келеді. Қазірдің өзінде түрлі спорттық жарыстардың жүлдегерімін. Елімізге танымал спортшылармен кездесіп, сұхбаттасқым келеді. Өмір жолдарымен, жеңіске жетуде өткен жолдарымен танысқым келеді

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын оталықты ота мектеп

11 сынып оқушысы

Мен, Жолдасбек Мағжан 11 сынып оқушысы. Арман-тілегім аман-есен мектепті ойдағыдай аяқтап, қалаған маман иесі болу. Менің қалап отырған мамандығым дене шынықтыру пән мұғалімі. Дені саудың-жаны сау демекші, спортпен айналысқан әрбір адамның дені сау, жаны да, тәні де сұлу болады деп ойлаймын. Спортпен шұғылданған адам әрдайым шымыр, сергек болып жүреді. Дене шынықтыру пән мұғалімі Лес Алдабергенович биыл зейнет жасына жетіп, зейнетке шығады, ылғи сергек, қимылы жылдам әрдайым бала болып бізбен ойнайды. Мен де сол ағайым сияқты болу арманым.

Тілекті орындау
Аудан: Байзақ

Мектеп: Мырзатай орта мектебі

11 сынып оқушысы

Кұрметті Мырзатай орта мектебінің ұлағатты ұстаздары!!! Сіздерді 1 желтоксан- Тұңғыш Президент кунімен шын жүректен құттықтаймын!!! Сіздерге зор денсаулық, ұзак ғұмыр тілеймін. Бізге берген білімдеріңіз үшін мың алғыс. Енбектеріңіз жаңа берсін. Шығармашылық табыстар тілеймін

Тілекті орындау
Аудан: Байзақ

Мектеп: Мырзатай орта мектебі

5 сынып оқушысы

Мен, Мырзатай орта мектебінде 5 сыныбын оқимын. Мырзатай орта мектебі өте жоғары деңгейдегі мектеп болсын деп тілеймін

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп- лицей

11 сынып оқушысы

Мен, № 40 шағын орталықты мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысымын . Таңдау пәндерім – биология мен химия . Осы жылы медициналық жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы мамандық иесі болып шыққым келеді. Денсаулық сақтау саласы өте күрделі, жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық.Медицина мамандығын таңдау себебім: мен өзге адамдарға көмек қолын созғып, өзімнің білетін білімімді игілікке қолданып, қоғамда өз орны бар, маңызды мамандық иесі атанғым келеді. Болашақта білім алуымды шет елдерде жалғастыруды көздеймін . Жаңа орта- жаңа көзқарас – жаңа білім. Өзіміздің өлкеден шыққан біз секілді мектебімізді бітіріп, қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп, бізге үлгі болып жүрген аға-әпкелерімізді көргенде бұл үлкен үміт сыйлайды. Жақында мектебіміздің түлектерімен кездесу өткен еді, сол кездесуде өздерінің бастарынан өткен тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа серпін сыйлады. Болашақта алға қойған мақсаттарыма жетіп , осылай артымнан келе жатқан іні-сіңілілеріме үлгі болғым келеді. Мен, болашақта алға қойған арман, мақсаттарымды жүзеге асыратыныма сенемін және сол үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.

Тілекті орындау