Басты бет » Тілектерді орындау тақтасы

Жалпы тілектер саны: 720

Орындалған тілектер саны: 62


Аудан: Шу

Мектеп: №40 шағын орталықты мектеп- лицей

11 сынып оқушысы

Мен, №40 шағын орталықты мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысымын. Қазіргі уақытта шығармашылық бағыт таңдап отырмын.Мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырғаннан кейін өнер академиясында оқығым келеді. Және сол жерде өнерімді шыңдап, жақсы білім алып, жақсы маман иесі болғым келеді. Бұл саланы таңдаған себебім, өзіме қатты ұнайды. Және де 5 жыл музыкалық мектепте оқығаным да музыкалық аспаптарға, әнге, жалпы өнерге қызығушылығымның артуына себеп болды. Оқу орнына түсерде ұлттық аспап, ән немесе актерлық оқулардың біреуіне түсу ойымда бар. Қазіргі таңда елімізде өнер жолында көптеген өнерпаздар бар. Оның ішінде кейбіреулері орны ерекше, мақтанып айтарлықтай, жастарға үлгі болатындай. Сондықтан да мен кейінгі ұрпаққа үлгі болатындай, жақсы маман иесі болуды алдыма мақсат қылып қоямын. Және де сол мақсатқа жету үшін оқимын және еңбектенемін.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі

11 сынып оқушысы

Мен Тұтқұшбай Алтынай Сәду Шәкіров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысымын.Келер жылы алтын ұя мектебіммен қоштасып,болашаққа қадам басқалы тұрмын.Бұл жолда шалыс қадам баспас үшін болашақ мамандығымды өте тиянақты түрде таңдадым. Мен таңдаған мамандық-қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.Неге мұғалім десеңіз,өйткені менің мектебімдегі ұстаздардың бізге деген тәлім-тәрбиесі,ақыл-өнегесі,әрдайым бізді биік белестерге жетелеуі маған бір үлгі болды.Менде дәл сол кісілер секілді өз шәкірттерімді тәрбиелеп,оларды білім нәрімен сусындатып,өз тілінің мәртебесін әрдайым биік ұстайтын дәрежеге жеткізгім келді. Қазақ тілі және қазақ әдебиетін таңдаған себебім,төменгі сыныптардан бастап осы пәндер жаныма жақын болды.Түрлі өлең жолдарын меңгеру ,әдеби шығармаларды оқып,ондағы құндылықтармен танысу мен үшін өте қызықты болды.Кейіннен түрлі олимпиадалар мен эссе жазу байқауларына қатысып жүлделі орын иегері атандым.Мұның бәрі менің осы пәндерге деген ерекше қызығушылығымның нәтижесі еді. Алайда мен мұнымен тоқтап қалғаным жоқ.Қазіргі таңда армандаған маман иесі болу үшін жан жақты іздену үстіндемін.Бұйырса ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл алып,қалаған оқу орныма түсіп, білікті маман атанарыма сенемін.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі

11 сынып оқушысы

Мен Ибраимова Меруерт, 11 сыныпты тәмәмдап,"Өмір" атты дәптерімнің жаңа парағын ашқалы отырған жасөспіріммін. Таңдаған мамандығым -филолог.Түптеп келгенде мен әдебиетті емес,әдебиет мені таңдады. Бала күнімнен өлең оқуға қызықтым.7 жасымда 7 беттік жоқтауды образға кіріп,жатқа айту мен үшін түкке тұрмайтын.Абай Құнанбаев,Мұхтар Шаханов,Жамбыл Жабаев,Мұқағали Мақатаев сынды ақындардың біршама өлеңін жатқа айтатынмын.Солардың ішінде жаным сүйген ақын-Абай Құнанбаев.Қазір қарап отырсам 5 жыл қатарынан Абай оқуларына қатысыппын. Бірте-бірте әдеби шығармаларға деген қызығушылығым да ояна бастады.Соның арқасында бүгінге дейін біраз байқауларда бой көрсеттім.Алайда осы қызығушылық болашағыма айналарын кім білген? Жан қалауымның осы екенін ұғынған сәттен бастап,әрекетке көштім,әлі әрекет үстіндемін,бұдан кейінде тоқтамасым анық. Ендігі менің міндетім сол бойымдағы қабілетті ары қарай дамыту.Ата-анамның артқан үмітін,ұстаздарымның мен үшін ағарған шашының өтеуін өтеп,КазНУ-дың төрінде отыру.Бұл менің арманым емес,алға қойған нақты мақсатым.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі

9 сынып оқушысы

Мамандық таңдау-бала өміріндегі ең маңызды іс.Мамандық таңдау бұл болашағымыздың басты қадамдарының бірі.Болашағымыз біздің қолымызда жəне оны таңдауда қате жібермеген дұрыс. Менің болашақтағы мамандығым-Дəрігер.Дəрігер болу өте қиын,тыным таппай оқу,лайықты жұмыс орнын табу жəне ең бастысы адамдарды өз біліміңді қолдана отырып аман алып қалу.Адамдарды қолдан келгенше өз ортамызда жүруіне себепкер болу.Қиын жұмыс бірақ адамдардың алғысын,шын жүректен тілеген тілектері есту барлығынан керемет.

Тілекті орындау
Аудан: Тұрар Рысқұлов

Мектеп: Сөгеті бастауыш мектеп

2 сынып оқушысы

Мектепке қажетті құрал жабдықтары

Тілекті орындау
Аудан: Тұрар Рысқұлов

Мектеп: Сөгеті бастауыш мектеп

3 сынып оқушысы

Қыстық киім кешек керек

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.

11 сынып оқушысы

Менің өзіндік алға қойған арман мақсаттарым бар.Қазіргі таңда көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.Әлі де ізденіс үстіндемін.Өз мамандығымның иесі боламын деген сенімдемін.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.

11 сынып оқушысы

Мен Түймебай Әшімбаев орта мектебінің түлегі болғалы отырмын. Болашақта мектебіміздің көркейуіне өз үлесімді қосамын деген сенімдемін.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.

9 сынып оқушысы

Биылғы жылғы мектеп түлектеріне сәттілік тілей отырып, болашақта мектебіміздің аты аталып отырған Түймебай Әшімбаев атамыздың суретін жаңалап берсеңіздер деген тілегіміз бар.

Тілекті орындау
Аудан: Шу

Мектеп: Т.Әшімбаев ат.о.м.

9 сынып оқушысы

Құрметті Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің түлектері. Сіздерге биылғы жылы мектебіміздің бейнесі көріктене түскенін айта кете, мектеп сыртына қоршау алып берсеңіздер дейміз!

Тілекті орындау